Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Ресми интернет ресурсы

You are here

ЖШС-ті тіркеу

Орта және ірі дәрежедегі заңды тұлғаны тірке дәстүрлі түрде жүргізіледі, яғни кәсіпкер ХҚКО арқылы белгіленген үлгідегі өтініш пен алым төленгені туралы түбіртекті өткізуі тиіс.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті (ЖШС) тіркеу үшін сізге келесі сатылардан өту керек:

1 -ші саты

Бірінші сатыда Сіз өз бизнесіңізді тіркеуден өткізіп, оны ЖШС формасын қолданып жүргізетініңіз туралы шешім қабылдайсыз.

2 - ші саты

Екінші сатыда Сіз ЖШС-ң құрылтай құжаттарын дайындауыңыз қажет :

1. ЖШС құру туралы шешім (егер ЖШС-ны бір адам құрса) . ЖШС-ң құрылтай келісім-шарты ( егер ЖШС-ны көп адам құрса ), сонымен қатар, құрылтай келсім-шарты тіркеу оранына берілмейді .

3 -ші саты

ЖШС-ті мемлекеттік тіркеу үшін алым ( егер ЖШС шағын кәсіпкерлік субъектісі болмаса ) – 6,5 АЕК (2017 жылы 1 АЕК –2269 теңге).

ЖШС-ті мемлекеттік тіркеу үшін алым ( егер ЖШС шағын кәсіпкерлік субъектісі болса ) – 2 АЕК тең .

Мемлекеттік тіркеу үшін алым ЖШС-ң тіркелу орны бойынша банк арқылы төленеді. Алымды төлеу үшін деректемелерді ЖШС-ң тіркелу орны бойынша салық басқармасынан ала аласыз.

4 -ші саты

Осы сатыда Сіз ЖШС-ті мемлекеттік тіркеу туралы өтінішты толтырасыз. Егер Сіз өз қызметіңізді Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Үлгілік жарғы негізінде асыруды шешсеңіз, Сіз ЖШС-ті Үлгілік жарғы негізінде мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті толтыруыңыз керек. Бұл өтініш байланған, нөмірленген, нотариалды куәландырылған түрде үш данамен өткізіледі.

5 -ші саты

1. ЖШС-ті мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті толтырып, оған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгені туралы түбіртекті немесе құжатты қоса тіркеңіз.

Енді ЖШС-ң орналасқан жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталығына құжаттарды өткізуіңізге болады.

6 -шы саты

Бұл сатыда құжаттарды халыққа қызмет көрсету орталығына өткізгеннен кейін бір жұмыс күнінен кеш емес (құжаттарды қабылдау және беру күндері мемлекеттік қызметті көрсету уақытына кірмейді) уақытта ЖШС-ті мемлекеттік тіркеу туралы анықтама аласыз.

Хабарламалық түрде көрсетілетін «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу» электрондық қызметі бойынша нұсқаулық:

- құрылтайшының ЭСҚ-сы (электрондық сандық қолтаңба) болуы керек;

- интернет-мекенжай бағамына «Электрондық үкімет» порталының мекенжайын ( http://egov.kz ) енгізіп, өзіңізді авторизациялау керек ;

- қызметті пайдалану үшін «Бизнес» бөлімінде «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» қызметін таңдау керек ;

- белгіленген үлгідегі хабарламаны толтырып, заңды тұлғаның толық атауын қазақ және орыс тілдерінде енгізу керек; ұйымдық-құқықтық нысанын таңдау керек; басқару органдарының құрамын көрсету қажет ;

- құрылтайшылар туралы деректерді ат-атымен енгізу ( ЖИН – для жеке тұлғалар үшін , БИН – заңды тұлғалар үшін ), салым сомасы, басшы туралы деректер ( ЖИН ), заңды тұлғаның мекенжайы ;

- алымды «электрондық үкімет» шлюзы арқылы төлеу ( Салық кодексінің 456 бабына сәйкес алым мөлшері ШОК үшін - 2 АЕК );

- төлеу процесін бітіргеннен кейін құрылтайшының жеке кабинетіне кіріп мәртебесін тексеру бетіне ауысып, толық өтінішке қол қою керек ;

- қол қойылған сұрау автоматты түрде «Заңды тұлғалар» мемлекеттік базасына ақырғы өңдеуге жіберіледі ;

- 30 минуттың ішінде «Мемлекеттік тіркеу жасалды» деген жауап келеді (қызмет нәтижесі – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама рdf форматында ).