Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Ресми интернет ресурсы

You are here

Есеп

«Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бақармасы» ММ

2017 жылдың 1 жартыжылдығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген жұмыстардың қорытындылары туралы ақпарат

Жемқорлық құқықбұзушылықты, жемқорлық негіздерін болдырмау мақсатында Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен (бұдан әрі - Басқарма) 2017 жылдың 1 тоқсанында келесі жұмыстар жүргізілді.

Басқарманың ресми интернет-ресурсында (www.upp.astana.kz) «Жемқорлыққа қарсы күрес» бөлімі бар. Аталған бөлімде 2017 жылдың 24 наурызында Басқарма басшысының №16 бұйрығымен бекітілген «Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ жемқорлыққа қарсы стандарты», Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс қимыл жөніндегі 2017 жылға арналған іс-шаралар Жоспары, Басқарманың бірінші басшысының мүлкі мен кірістері туралы ақпарат жарияланған.

Сонымен қатар,  ақпарат «Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындарында арнайы стендтерде (Бейбітшілік 11, 617,524 каб жанында), адамдардың көп жиналатын орындарында (ойын-сауық кешендері, сауда үйлер мен базарларда) қамтамассыз етілген.

Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы»Заңын, Қазақстан Республикасының Этикалық Кодексін, жемқорлыққа қарсы заңнамаларын бұзу фактілері мен заңсыз әрекеттерін бақылауды қамтамассыз ету мақсатында  азаматтардың арыздары мен өтініштеріне арналған жәшік  орнатылған.

Басқарма басшысымен бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды  қабылдау жүзеге асырылады.

Қазіргі таңда Басқарма:

  • Кәсіпкерлік сұрағы байынша сараптамалық кеңес (Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 25 маусымдағы №111-1039 қаулысы);
  • Астана қаласының индустриалды дамыту бойынша үйлестіру кеңесі (Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 28 қаңтардағы  №26-48 п қаулысы) жұмыс органы қызметін жүзеге асырады.

Сараптамалық кеңеспен 2017 жылдың 1 жартыжылдығында нормативтік-құқықтық актілердің20 жобасы қарастырылып, 2 отырыс өткізілді.

Астана қаласының индустриалды дамыту бойынша үйлестіру кеңесімен 20 отырыс өткізіліп, 51 жоба мақұлданды.

Жемқорлық қаупін болдырмау мақсатында, сонымен қатар жан-жақты және әділ шешім қабылдау үшін аталған кеңестер мен комиссиялардың құрамына кәсіпкерлер палатасы, Астана қаласының мәслихат депутаттары мен басқа үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері енгізілді.

Мемлекеттік қызметтердің реестріне сәйкес (2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 ҚР Үкіметінің қаулысы) Басқарма 4 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  • «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау»;
  • «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасы шеңберінде кепілдіктер беру»;
  • «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету»;
  • «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасы шеңберінде гранттар беру».

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 29 наурыздағы №479-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкесзаңды тұлғаларға түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау(дайындау), сақтау өңдеу және сату қызметін жүзеге асыру үшін лицензия беру мемлекеттік қызметі рұқсат беруден хабарлау тәртібіне ауыстырылды.

2017 жылдың 1 тоқсанында жемқорлық құқықбұзушылық үшін жауапқа тартылғандар Басқармада жоқ.