Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Ресми интернет ресурсы

You are here

Елорда базарлары спартакиадада бақ сынады

09.12.2017

Бас қаланың бизнес қоғамдастық өкілдері арасында спартакиада өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Бизнес қоғамдастық бұл спартакиаданы елорданың Астанаға көшірілуінің 20 жылдығына арнады. Астана әкімдігінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен жарысқа елордадағы базарлардың ұжымдары қатысты.

Қатысушылар шағын футбол, үстел теннисі, армрестлинг, асық ату, кір көтеру және арқан тартудан жарысты.

Турнирдің қорытындысы бойынша «Big Шанхай» базарының командасы бірінші орын алса, екінші орын «Астана-Қамқор» базарының командасына, үшінші орынды «Орталық» сауда базарының өкілдері еншіледі.

«Біздің арамызда кәсіби спортшылар жоқ, бірақ бүгінгі жеңісіміз бен жеңілістеріміздің біз үшін мәні зор. Әріптестерімізбен алдағы уақытта да спорттық жарыстарда жиі кездесіп тұрамыз деп үміттенеміз» - дейді «Big Шанхай» командасының капитаны Ерік Карбузов.

Айта кетейік, бизнес қоғамдастық арасындағы мұндай спартакиада алғаш рет өткен жылы Тәуелсіздік күніне орайөткізілген болатын.

Спартакиаданы өткізуге қолдау көрсеткені үшін Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы және Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Эверест» футбол мектебіне және Huawei Компаниясына алғыс білдіреді.