Бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен 12,4 млрд. теңге бөлінді және қаражат игерілді.
2017 жылға бөлінген инвестиция көлемі - 3,9 млрд теңге, оның ішінде
пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға - 3,6 млрд теңге, несиелерді кепілдендіруге - 258,0 млн теңге және гранттарға – 128,0 млн теңге.
Бағдарлама аясында 2017 жылдың басынан 60 жоба мақұлданды.
Атап айтқанда, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша – 58 жоба, екінші деңгейлі банк арқылы несие желісіне - 10864,2млн теңге және жалпы сомасы 5,5 млн теңгеге өндірістік индустриалды инфрақұрылымға – 2 жоба.
Бұл бағытта жұмыс жалғасатын болады, 350 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда.
Бүгінде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен 19 534 қызмет көрсетілді, оның 85 пайызы - орта және шағын бизнес субъектілеріне кеңес беру.
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамыту бірыңғай бағдарламасын іске асырудан бастап 126 738 млн теңгеге 733 жоба мақұлданды. Оның ішінде:
- пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша – 614 жоба, несиелік желі - 121 761 млн теңге;
- несиелерді кепілдендіру бойынша – 152 жоба, кепілдендіру сомасы 861,9 млн теңге; (несие портфелі бойынша Астана өңірлер арасында 1-ші орынға ие);
- Өндірістік инфрақұрылым - 3 108,0 млн теңгеге 39 жоба (электр қуатымен жабдықтау, жолдарды жөндеу, кәріз жүйесі, сумен қамтамасыз ету, паротас жолын ауыстыру және т.б.);
- Грант аясында 230,0 млн теңгеге 80 жоба мақұлданды
Нәтижесінде қала кәсіпорындарында 8 мыңнан астам жұмыс орны және жаңадан құрылған 5 мың жұмыс орны сақталды, бюджетке 16 млрд теңге көлемінде салық төлемдері түсті.
Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.