Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Ресми интернет ресурсы

You are here

«Балаларға қуаныш»

30.11.2017

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күнін мерекелеу қарсаңында Астана қаласының кәсіпкерлері бастамасы бойынша аз қамтылған отбасы балалары үшін «Балаларға қуаныш» атты мерекелік науқан ұйымдастырды.

2017 жылғы 30 қарашада Astana Sightseeing Tours автобусымен қаланың көрікті жерлерін көрсетіп, балаларға экскурсия жүргізілді.

Сондай-ақ, науқан аясында балалар «Ailand» отбасылық демалыс орталығының океанариум және «Джунгли» аниматроникстер саябағында уақыттарын көңілді өткізді.

Сонында Monteverde мейрамханасында балаларға мерекелік дастархан жайылды.

         Науқанда қолдау көрсеткені үшін Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы «Ailand» ОДО, «Monteverde Astana» ЖШС және «Астана конвенш бюро» ЖШС алғыс білдіреді.